Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – ұлы мақсат!

03.10.2019

Мемлекеттің маңызды міндеті - азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындыққа тәрбиелеу, мағыналы азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Әскери-патриоттық тәрбие азаматтардың, әсіресе жоғары сынып оқушыларының, студенттердің, әскерге дейінгі және әскери жастардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына адалдық сезімін қалыптастыру бойынша маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері «Әскердегі бір күн» әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтардың облыстық слетіне қатысты.

Аталған іс – шараның мақсаты-қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, серіктестік сезіміне тәрбиелеу, жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметке дайындау.

Мағжандықтар әскери істе жақсы білімдерін және тамаша әскери дайындықтарын көрсете білді. Оқытушы О. Қ. Нұрпейісовтың басқаруымен колледж командасы жыл сайын жүлделі орынға ие болады.

Осы жылда біз үшін табысты. Колледж командасы жүлделі II-орынға ие болды. Жеңімпаздарымыз қоржынымызды кубокпен толықтырып, дипломмен мараппатталды.

Eліміз eгeмeндік aлғaннaн бeрі жaс ұрпaқ тәрбиeсінің тeмірқaзығы – қaзaқстaндық пaтриотизм, өз Отанын сүйе білу, Отан алдында адалдық сезімде болу екенін ескеру қажет!

Малгаждарова К.К.,
оқытушы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст