Высший колледж имени Магжана Жумабаева

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Жаңа көзқарастар, шығармашылдық ойлау дәуірі барлық жағдайларға деген тәсілдемелер мен технологияларды өзгертуге мәжбүр етеді. Бүгінгі таңда жас мамандардың тапшылығы байқалып отыр, сондықтан кәсіби білім беру жүйесіне, білікті мамандарды даярлауға үлкен үміт артылады. Бұған педагогтар мен студенттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде мемлекеттік білім беру стандарттарын меңгеру арқылы қол жеткізіледі

Біздің колледждің әрбір студенті алған білімдерінің арқасында кез келген қиындықтарды жеңе алатынына күмәнім жоқ. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде алынған білім кәсіби биікке жетуге, өзіндік шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс, жаңа идеялар, жақсы қызметтік көңіл- күй, ал студенттерге – оқуда табандылық, адал достар, белсенді және оқиғаға толы өмір тілеймін. Колледж сіздің кәсіби өсу және қалыптасу орныңыз болсын! Сіздердің табыстарыңыз біздің оқу орнымыздың имиджін нығайтуға ықпал етсін!

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры
Жанділдин Ерлік Борисұлы

Қабылдау күндері:
Әр сәрсенбі сайын, апта сайын, 15:00-17:00

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің міндеті түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Колледждің мақсаты: кәсіби кадрларды даярлау және олардың білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Мақсатқа жету, ұжымның әлеуетті мүмкіндіктеріне, қолда бар ресурстарға және еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес міндетті жүзеге асыру үшін мынадай негізгі міндеттер анықталды:

  1. әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған, техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі;
  2. орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өткен және осы әдіснаманың құзыреттілігін меңгерген мамандарды даярлау;
  3. техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту контексінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;
  4. болашақ маманның көптілді тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  5. тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыру бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру

Колледждің тұжырымдамалық идеясы

  1. Тұлғаның дамуы
  2. Кәсіби қасиеттерді қалыптастыру
  3. Білім берудің жоғары стандарттары
  4. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
  5. Әлеуметтік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру
  6. Салауатты өмір салтын тәрбиелеу
  7. Төзімділік және сыни көзқарас

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж 2022-2023 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізеді:

11 сынып негізінде:

Мамандық: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктілік: 5АВ01120101 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: орысша, қазақша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.

Мамандық: 01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктіліктер: 5AB01140301 Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: қазақша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.

5АВ01140303 Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: қазақша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Мамандық: 01140400 Информатика

Біліктілік: 5АВ01140401 Информатиканың қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: орысша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Мамандық: 09230100 Әлеуметтік жұмыс

Біліктілік: 4S09230102 Әлеуметтік жұмысшы, Оқыту тілі: орысша

9 сынып негізінде

Мамандық: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілік: 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140100 Музыкалық білім беру
Біліктілік: 4S01140201 Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктіліктер: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Оқыту тілі: қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S01140605 Шетел тілі мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Біліктіліктер: 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, 8-777-33-55-997

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, 8-777-33-55-997

 


Текст
Виртуальная приемная