Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Жас маман» бағдарламасының жүзеге асырылуы

"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. "Жас маман" жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнындарын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: - өңірлер бойынша сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік мамандықты анықтау; - іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу; - сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру; - білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту; - колледждерге қосымша қаржыландыру шартымен жабдықтарды сатып алу (кемінде 5% жергілікті бюджет есебінен); - лизинг тетігі арқылы және/немесе оқу орындарының өз қаражаты есебінен жабдықтар сатып алу. "Жас маман" жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы құраылғылармен жабдықталатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді. "Жас маман" жобасын іске асыру аясында 2020 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде келесі мамандықтар бойынша әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары сатып алынды:

1. 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

2. 130500 «Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)»


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, 8-777-33-55-997

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, 8-777-33-55-997

 


Текст
Виртуальная приемная