Колледждің табысты түлектері

Василий Петрович Манзя 1934 жылы Булаев ауданының Полтавка ауылында дүниеге келген. Соғыстан кейінгі қиын жылдары туған үйінен Петропавл педагогикалық училищесіне оқуға кеткен. 1958 жылы училищені бітіргеннен кейін В. Манзя бейнелеу өнерін оқыта бастайды. Содан кейін ауыл мектебінде 10 жыл жұмыс істеді, және тағы да Мәскеу қаласындағы Халық өнер университетінде сурет және кескіндеме факультетінде оқыған. 1971 жылы В. П. Манзя қалалық пионерлер үйінде изостудия ашады, кейіннен Балалар көркем мектебіне айналды. Манзя-мектептің бірінші орынбасары болады. Оның оқушылары көптеген көрмелер мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады.

1987 жылдан бастап Манзя қайтадан педагогикалық училищеде сабақ береді. Осы уақыт ішінде ол болашақ сурет пәнінің бір буынын дайындайды. Оның оқушыларының арасында кәсіби суретшілер, Қазақстан мен Ресей Суретшілер одағының мүшелері де бар. В. П. Манзя - педагог және суретші - Еңбек Қызыл Ту орденімен және КСРО және Қазақстан Республикасының көптеген медальдарымен, оның ішінде педагогикалық қызметте ерекше еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған, ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі болып атанды.

Жоламан Қайменұлы Тұрсынбаев - 1947 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Мереке ауылында дүниеге келген. Колледж түлегі.

Жоламан 7 жылдық мектепті тәмамдаған соң Қызылжар қала­сындағы бастауыш мектептерге мұғалімдер дайындайтын педагогикалық училищеге тү­сті. Осы оқу орнының композитордың өмірінде алатын орны ерекше, себебі, ол Жола­манның мәдени-рухани аясының қалыптасуына, музыка деген қасиетті ұғым әлеміне еніп, оның биігінде шырқау арманына құлаш ұрғызған құтты оқу орда болды. Болашақ композитор осында алғаш рет музыкалық сауатын ашып, фортепиано, мандолина, домбыра аспаптарында ойнауға үйренеді, жеке солист ретінде де, хорда да ән айтты. Училище көркемөнер үйірмесі деңгейінің жоғары екенін композитор Георгий Сви­­ридовтың біршама күрделі туындысы «Патетикалық ораториясын» осындағы хордың Қазақстанда тұңғыш орындауы­нан аңғаруға болады. Оқу орнында тамаша әнші, әуесқой композитор Мәділхан Есмағамбетов те ұстаздық еткен. Ж.Тұрсынбаев осы ұстазының ықпалымен композитор болуды қалап, өзінің алғашқы туындысы «Қоштасу вальсін» жазды...

Полищук Раиса Ивановна 1964 жылы "Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша педучилищені бітірді. Қазіргі уақытта Раиса Ивановна "Лед" славян мәдениеті Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамы төрағасының орынбасары . Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атанды.

Кондратова Валентина Ивановна училищеде 1959 жылдан 1963 жылға дейін оқыды. 1987 – 2006 жылдар аралығында Петропавл қаласындағы балалар үйінің директоры болды. ҚазССР ағарту ісінің үздігі, КСРО Ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері, Ы. Алтынсариннің медалімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, облыстық білім депортаментінің Құрмет Кітабына керген адам.

Әдия Ысқаққызы Ахметова - Петропавл қаласындағы педагогикалық училищесінің 1962-1966 жылғы түлегі. 1980 - 1990 жылдары қалалық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің идеология бөлім бастығының орынбасыры, облыстық тілдер басқармасында жетекшілік етті. 1996 жылы Петропавл қаласында №6 қазақ орта мектебінде директоры болды.

1

1

1

1

Любовь Михайловна Сюнюкаева 1968 жылы Педагогикалық училищені бітірді. Мамлют №1 орта мектебінің директоры, Мамлют аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, төрт жыл Петропавл қаласының №3 орта мектебінің ұжымын басқарды. ҚР Білім беру үздігі.

1

1

1

1

11


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, 8-777-33-55-997

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, 8-777-33-55-997

 


Текст
Виртуальная приемная