1 курс студенттерін бейімдеу бойынша педагогикалық кеңес

23.11.2018

2018 жылы 22 қараша күні оқытылуы қазақ тіліндегі бөлімде «2018-2019 оқу жылына қабылданған І курс студенттерінің колледжге бейімделуі» тақырыбында дәстүрлі, кезекті педагогикаалық кеңес болып өтті.

Мақсаты: І курс студенттерінің колледжге бейімделу үрдісін талдай отыра, орын алған проблемаларды анықтау, шешу жолдарын қарастыру.

Міндеті:

  • Жаңа қабылданған І курс студенттерінің колледжге бейімделуі үшін жағымды психологиялық климат жасау;
  • Оқытудың сапасын арттыру және колледж контигентін сақтау.

Педагогикалық кеңеске директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.В.Рысева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Солтанова, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.С. Иманкулова, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.К.Павилан, бөлім меңгерушісі С.Б.Саурбаева, әлеуметтік педагог Т.Н.Синягина, колледж психологы Аюпова Г.Қ. және де пән оқытушылары, топ кураторлары қатысты.

Педекеңестің төрайымы ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Солтанова, хатшы ретінде пән оқытушысы М.Т.Омарова ұсынылды. Күн тәртібінде мына мәселелер қарастырылды:

1. І курс студенттері бойынша психо-диагностикалық жұмыс нәтижесі.

Баяндамашы колледж психологы: Г.Қ. Аюпова

2. І курс кураторларының топтың колледжге бейімделуіне қатысты есептері.

Баяндамашылар топ кураторлары: Хаймолдина Т.М., Кожакенова С.Р., Муратова А.Қ., Советова А.М., Иманбек Г.А., Саримова А.Т., Жанбекова А.Е., Лес А.А., Мусин Б.А.

3. І курс топтарының студенттерінің жалпы жағдайы бойынша қорытынды жасау және топ кураторларына нұсқаулық-кеңестер беру

Баяндамашы бөлім меңгерушісі: С.Б.Саурбаева.

Қаралған мәселелер бойынша баяндамашылар топта жүргізген зерттеулерін, өз талдауларын, жалпы студенттердің қаншалықты колледжге бейімделгені туралы жұмыстарының қорытынды есебін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Еркеше назардағы студенттер туралы ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Колледж психологы Гүлмира Қарақатовна топ кураторларына «1 курс студенттеріне оқытудың жаңа жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу» туралы нұсқаулықтар таратты. Педагогикалық кеңес барысында жалпы бөлімге қабылданған 229 студенттің бейімделуі бірқалыпты деңгейде екені, студенттер колледждің оқу мен тәрбие үрдісіне белсене қатысатындары байқалды.

Педагогикалық кеңес қаулысының жобасы:

1.Психология-педагогикалық зерттеу нәтижелері әрбір оқытушының назарына алынсын.

2. «Қауіпті топқа» енгізілген студенттермен колледж психологы мен топ кураторлары, бөлім меңгерушісіне үнемі жүйелі жұмыс жүргізуі міндеттелсін, бақылауға алынсын. Қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Солтановаға жүктелсін.

3. Аутодеструктивті мінез-құлығы бар студенттермен жүйелі жұмыс жүргізу колледж психологы мен топ кураторларына міндеттелсін, бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Солтановаға жүктелсін.

4. Мінез құлқында акцентуациясы анықталған студенттермен колледж психологы, әлеуметтік педагог, топ кураторлары және пән оқытушыларымен акцентуациялы мінез-құлықты жою бағытында жұмыс жүргізу жалғастырылсын.

5. Студенттердің үлгерімі мен білім сапасына аса назар аудару, жеке пәндер консультациялар жүйелі түрде өткізупән оқытушыларына міндеттеліп, бақылау бөлім меңгерушісі мен ЦӘК төрайымдарына жүктелсін.

6. Жалпы білім беретін пәндер бойынша семестр соңында бақылау жұмыстары өткізілсін, бөлім кеңесінде талқылансын. Бақылау бөлім меңгерушісіне жүктелсін.

7. І курс топ студенттерінің үйірмелер мен клубтарға қатысуын 100 % қамтамасыз ету топ кураторлары мен үйірме жетекшілеріне міндеттелсін, бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Солтановаға жүктелсін.

8. Барлық топтарда болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын күшейту мақсатында жұмыстар жүргізу топ куратоларына және «Ұстаз», «Инабат» клубынның жетекшілері Кұттымбетова Т.Н. және Кушербаева Ж.А.міндеттелсін, ұйымдастыру, қадағалау бөлім меңгерушісіне Саурбаева С.Б-на, бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Солтановаға жүктелсін.

9. ІІ жартыжылдықта студенттердің бейімделуі бойынша өзгерістер динамикасын бақылау үшін психология-педагогикалық зерттеу жұмысын қайталапөткізу колледж психологы Аюпова Г.Қ-ға міндеттелсін, қадағалау, бақылау бөлім меңгерушісі Сарбаева С.Б. жүктелсін.

Баяндамашы бөлім меңгерушісі: С.Б.Саурбаева.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст