«Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау-мемлекеттік саясаттың басты басымдығы»

10.12.2018

«Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау-мемлекеттік саясаттың басты басымдығы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

2018 жылдың 5 желтоқсанында орыс тілінде оқыту бөлімінде "Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы" тақырыбы бойынша жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. "Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс. Жастардың барлық санаттарын қолдау шараларының толық кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажет. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Барлық бағыттар бойынша жастарды, Қазақстанның болашағын қолдау керек" деп Елбасының ұсынған, жастар жылының қарсаңында бұл өзекті тақырып.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. 1 курс студенттерінің бейімделуі бойынша педагогикалық ұжымның қызметін талдау.

2. Колледж әкімшілігімен сұхбат алаңы. Сұрақтар мен жауаптар.

Бірінші сұрақ бойынша орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі Т. В. Калмыкова сөз сөйледі, ол ата-аналарды қандай мамандықтар бойынша мамандар даярлау жүргізіліп жатқаны, бейімделу кезеңінде студенттерді психологиялық қолдау қалай жүзеге асырылатыны туралы хабардар етті; студенттерді бейімдеу бойынша педагогикалық ұжымның қызметіне жалпы талдау жасады, қысқа мерзім ішінде өткізілген тәрбиелік іс-шараларға шолу жасады, ата-аналарға оқу кезінде өз балаларын қолдау бойынша ұсыныстар берді.

Ата-аналар жиналысының екінші кезеңінде колледж әкімшілігімен сұхбат алаңы өтті. Ата-аналар оқу үдерісін ұйымдастыруға, студенттердің жатақханада тұруына, тамақтануды ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды.

Ата-аналар жиналысы кабинеттерде жалғасты, онда сынып жетекшілері студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, 1 желтоқсандағы аралық аттестаттау қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Т.В. Калмыкова

орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст