Мағжан Жұмабаев

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев
25.06.1893 – 19.03.1938

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты -
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!

«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр.»

«Адамның шын мағынасында адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт.»

«Этнопедагогика әр тәрбиешіге бұрынғы даңғыл жол және тәрбиелеу әдісі ретінде танымал... сондықтан ұлттық дәстүрде тәрбиелеу - әр тәрбиешінің міндеті.»

М.Жұмабаев

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола губерниясының Петропавл уезіндегі Полудинский болысында дүниеге келді. Әкесі Бекен ірі бай болған, патша үкіметі кезінде болыс болып сайланған.

Болашақ ақын төрт жасында туған ауылы Сартомарда ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады. 1905 жылы Мағжан Петропавл қаласындағы медресеге түседі. Бұнда ол түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін оқиды, араб, парсы, түрік тілдерінің негізін меңгереді. 1910 жылы Уфа қаласына келіп, «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Мағжанның білім деңгейін байқаған және оның ақындық талантын таныған белгілі татар жазушысы, Мағжанның ұстазы Ғалымжан Ибрагимов оған оқуын басқа оқу орнында жалғастыруға кеңес береді. Ол Петропавлға қайта оралып, қазақтың ірі ғалымы Міржақып Дулатовтан орыс тілі және әдебиетінен дәріс алады.

1913 жылы болашақ ақын Омбы оқытушылар семинариясына оқуға түседі, оны 1917 жылы бітіреді. Оқыған жылдары Мағжан Жұмабаев орыс және шетел әдебиетін меңгеруге көп көңіл бөледі. Семинариядағы оқуын аяқтағаннан кейін Мағжан Жұмабаев Петропавлға қайта оралады, бұнда азаматтық соғыстың зардабын тартады, педагогикалық курстарда оқытушы болып қызмет етеді және өлеңдер жазады.

1923 жылы Мағжан Ташкент қаласына көшіп келіп, оқытушылық ғылыми жұмыспен айналысады, көп жазады, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде басылады. Осы жылы Түркістан халық комитетінің жолдауымен Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби-көркемөнер институтына оқуға түседі, оның ректоры белгілі орыс ақыны Валерий Брюсов болған. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінің студенттеріне қазақ әдебиеті мен қазақ тілі стилистикасы бойынша дәріс береді.

1927 жылы Мағжан Петропавлға қайта оралады, педагогикалық техникум мен совет партия мектебінде оқытушы болып қызмет етеді.

1929 жылы Мағжан тұтқындалып, 10 жылға сотталады. 1936 жылы Максим Горькийдің өтінішімен ақын мерзімінен бұрын босатылады.

1937 жылдың 30 желтоқсанында Мағжан қайта қамауға алынады, 1938 жылдың 19 наурызында «халық жауы» ретінде атылады.

1961 жылы Мағжан Жұмабаев ақталады, бірақ оның өлеңдеріне әлі де тыйым салынады.

1987 жылы ол толық ақталады.

1993 жылы гуманитарлық колледжге Мағжан Жұмабаев аты беріледі.

«Үлкен өзіндік ерекшелігі бар ақын, педагог, ойшыл, екі рет ақталған, қорлыққа душар болған, жазу құқығынан айрылған, жарқын күн сәулесі тәрізді еркіндікке шығып, айналасын жарық сәулемен нұрландырады».

Мағжан Жұмабаев – тамаша қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы. Оның өлеңдеріне, поэмаларына, әңгімелеріне халық алдындағы жауапкершілік сезімін танытатын қайшыласқан трагизм тән. Сонымен қатар Мағжан Шекспирден, Пушкиннен, Соловьевтен бастап, ХХ ғасырдың символизмімен, технократизмімен, экзистенциализмімен аяқтап, жалпы адамзаттық көркем және ғылыми мұраны зерттеді.

Жұмабаевтың шығармашылық жолының бірінші кезеңі 1910 жылдан 1917 жылдың ақпанын қамтиды. Поэзиядағы алғашқы қадамдарынан бастап Мағжан жарқын өзіндік ерекше дарындылығын танытады. «Шолпан» өлеңдер жинағы оны кең танымал етті (1912ж.). Мағжанның өлеңдерінде ұлт-азаттық күрестің нышандары байқалады. Өткен тарихты жазған өлеңдерінде жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлардың есімдерін атайды. Ол үшін «өз ұлтын ұмытпаған батыр» - нағыз батыр.

Шығармашылығының екінші кезеңінде (1917-1924) Жұмабаев өз дүниетанымындағы стереотиптерден арылуға тырысады. Ол журналистикамен айналысады, ағартушылықта жұмыс істейді, 1922 жылы «Педагогика» еңбегін шығарады.

Жұмабаев өмірінің қауырт және шығармашылық жағынан жемісті кезеңі 1923 жылы Ташкентке қоныс аударуымен байланысты. Атақты «Батыр Баян» поэмасы, Түркістан мен Сыр циклдары, Ақан сері, Бұхар жырау, Әубәкір Диваев туралы мақалалары осында жазылады. Мағжан «Ақ жол» газетінде, «Шолпан» журналында қызмет істейді. Осында, Ташкентте, сондай-ақ Қазанда 1922-23 жылдары Жұмабаевтың екі өлеңдер жинағы жарыққа шығады, онда оның дарындылығы ерекше көрінеді. Мағжан Орта Азия мен Қазақстан аймағында Шығыс пен Батыс халықтарының рухани дамуының екі ағынын алғаш қосқан ақындарға жатады. Ол сол заманғы көркемсөз ағымының ағысына кіруге талаптанып, дүниежүзілік әдеби үрдісті бақылап отырды. Батыс және орыс символистері сияқты Жұмабаев «шектен тыс дүниені» көруге тырысты, онда нағыз идеялар барына терең сенді, ол тек күйзеліске жинақталуға, образды символмен ауыстыруға тырысты.

Жазушы Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына таза шығармашылық баға беріп, жазды: «Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті. Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады».

«Қазіргі ақындардың көпшілігі Мағжан өлеңдерінің нышанын немесе ішкі өлең құрылымын қолданбай жаза алмайды. Кім жазса да, Мағжанның сөздік алабынан бір нәрсе алмай, жаза алмайды. Неліктен? Әсем, жарасымды, күшті, дайын сөз өзінен-өзі тілге тиек болады. Сондықтан Мағжанды ұнатпайтын ақындар бәрібір Мағжан стиліне, сөйлеу техникасына сүйенеді. Егер Мағжанға қарсы шыққан ақындарды сыни тұрғыдан бағаласақ, олардың Мағжан жасаған нышандарды қолданатынын көреміз. Бұрын Мағжанның ұстазы болғандар, қазір, өлең жазғанда, өз оқушысының әсерін сезінеді. Басқа сөзбен айтқанда, Мағжан поэтикаға Абайдан кейін жаңа нышандар енгізді, артынан оқушылар ергізді, поэтикалық мектеп құрды. Мағжан Абайдан кейін өлең өлшемін түрлендірді».

Жұмабаев – сыршыл лирика шебері. Ол махаббат сыйын бақыт пен қуаныш жәннаты ретінде қадір тұтады. Ол құмарлықты, оның жарқ етуі мен қарқынды ағынын суреттейді. Оның «Менің тілегім», «Мені де өлім әлдиле», «Сүйемін», «Әй, Сәрсембай» өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорын құрайды. Мағжан өзінің символистігі арқылы, осы ағынның басқа өкілдері сияқты, әдебиеттің дамуына зор үлес қосты.

М. Жұмабаевтың еңбектері: М. Жұмабаев, «Педагогика», Алматы, 1993 ж.

Поэзиялық шығармалары:
► М. Жұмабаев, «Шығармалар», Алматы, Қаз ССР ҒА Әдеб. және өнер инст., 1989.
► М. Жұмабаев, Өлеңдер. Буклет. Алматы: Жазушы, 1993.
► М. Жұмабаев, «Пророк» (орыс тіліне аударылған өлеңдері мен поэмалары, құраст. Б.Канапьянов), Алматы, «Жібек жолы», 2002, 400 бет.
► М. Жұмабаев, Таңдамалылар, «Ғасырлар даналығы» сериясындағы шағын басылым, Мәскеу, «Русский раритет», 2005.
► М. Жұмабаев, Таңдамалылар, (орыс және қазақ тіліндегі былғ. мұқабадағы сый басылымы), М., «Русский раритет», 2006.
► Шығармалар жинағы: М. Жұмабаев, 3 томдық шығармалар жинағы, Алматы, Жазушы, 2002.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу:
► «Боранды түндегі шырақ» (М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы). Редактор-құрастырушы, алғы сөз бен тараулардың кіріспесі авторы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Владимир Шестериков. –Петропавл: Облыстық мәдениет комитеті, 1993.
► «Поэзия және тағдыр» (Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы): Библиографиялық сілтеме/С.Мұқанов атындағы ОК; Құр. Ашимова, Петрова, Пискунова. – Петропавл, 1993.
► Р.Н. Котенова, «М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасы», Алматы, 1995.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст