«Заң мен тәртіп»

«Заң мен тәртіп»

Республика күні қарсаңында «Заң мен тәртіп» республикалы�...

Республика күні қарсаңында «Заң мен тәртіп» республикалық идеологемасы аясында «Республика білгірлері: тұрақтылық – мемлекет негізі» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды.

Аталған шараға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжден 3 команда қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Ойын барысында қатысушылар бес кезең бойынша Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, Конституция және құқықтық сауаттылыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, патриоттық құндылықтарды нығайту, заңға құрмет пен қоғамдық тұрақтылықтың маңызын түсіндіру.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
22.10.2026
Дата обновления:
12.11.2026