«Тұғыры биік тоқсан жыл» атты жазба ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті

«Тұғыры биік тоқсан жыл» атты жазба ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдық мерейтойына орай М...

Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдық мерейтойына орай Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Тұғыры биік тоқсан жыл» атты жазба ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті.
Айтулы шара Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Туған өңірдің тарихын, жетістіктері мен рухын жырға қосқан қаламгерлер бақ сынаған байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

Бас жүлде 150 000 теңге: Аяған Диас

І орын 100 000 теңге: Самрат Құскен

ІІ орын 70 000 теңге : Нұргүл Оқашова, Сандуғаш Қайырбек

ІІІ орын 50 000 теңге: Жұмабек Рахимов, Хавдулла Бейсхан

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды өңірдің мерейтойына арналған әдеби бәсекеде үздік шығуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сырлы жыр мен әсем өрнекке толы шығармашылық табыстар тілейміз.

#tilderortalygy #сқомәдениет #сқо90жыл #ақындармүшәйрасы #мүшәйра

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
09.11.2026
Дата обновления:
09.11.2026