«Кредиттік-модульдік технология жүйесіндегі критериалды бағалау» семинары

«Кредиттік-модульдік технология жүйесіндегі критериалды бағалау» семинары

2019 жылы 21 қарашада М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде &la...

2019 жылы 21 қарашада М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Бастауыш білім беру» ЦӘК апталығы аясында оқытушылар «Кредиттік-модульдік технология жүйесіндегі критериалды бағалау» атты семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы қазақстандық білім берудің заманауи үрдісі ретінде;

2. Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы жағдайында критериалды бағалау.

3. Қолданбалы бакалавриат жағдайында бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқытудың кредиттік жүйесі еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес мамандарды даярлау кезінде неғұрлым икемді және тиімді болып табылады.

Педагогтың басты міндеті – студентке, оның барлық қадамдары түсінікті және саналы болуы үшін оқу орнында өтіп жатқан оқу үдерісінің толық көрінісін беру.

Семинарға қатысушылар сұрақтарды талқылауға қатысып, топпен белсенді қарым-қатынас жасады. Кездесу қорытындысы бойынша Критериалды бағалаудың маңыздылығы және кредиттік-модульдік технологияны енгізу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

Югай Н.Л., Тимошенко Н.В., Лялькова А.П.,
Семинар ұйымдастырушылары

Автор:
Абусагитова Альбина Ерболатовна
редактор
Страница создана
25.11.2019
Дата обновления:
22.04.2021