«Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауы
2026 жылғы 9–10 қараша күндері «Оқушылар сарайы» базасында 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңіне Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Искорки» еріктілер тобы белсене атсалысты.
Екі күнге созылған байқау барысында ерікті студенттер секциялар жұмысын үйлестіруге көмектесіп, қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, жас зерттеушілерге ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.
Бұл іс-шара болашақ педагогтер үшін кәсіби тәжірибе жинақтауға, ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдауға, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге және балалармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік болды.
«Искорки» еріктілері – әрдайым игі істердің жаршысы!