2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтерді аттестаттау жұмыстары сәтті аяқталды

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтерді аттестаттау жұмыстары сәтті аяқталды

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтерді аттест...

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтерді аттестаттау жұмыстары сәтті аяқталды! Аттестаттау кезеңінде ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсеткен адамдарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ @bilim_sko, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша филиалы @orleu_sko, «Әдістемелік орталық» КММ @sko_adistemelik_ortalyq, сондай-ақ «Ұстаз» платформасының техникалық қолдау көрсету тобына кәсібилігі, құзыреттілігі, жеделдігі және жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдіреді. Туындаған сұрақтарға жауап беруге, күрделі жағдайларды талқылауға және туындаған мәселелердің шешімін жедел табуға әрдайым дайын болып, шынайы адами қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Аттестаттау қорытындысы бойынша колледждің 26 педагогіне төмендегідей біліктілік санаттары берілді:
- «бірінші санатты директордың орынбасары» – расталды - 1 адам/берілді - 2 адам;
- «педагог-зерттеуші» – расталды - 5 адам/ берілді - 2 адам;
- «педагог-сарапшы» – расталды - 2 адам/ берілді - 4 адам;
- «педагог-модератор» – расталды - 1 адам/ берілді - 9 адам.
Әрбір біліктілік санатының артында педагогтің күнделікті қажырлы еңбегі бар: байқаулар мен жобаларға қатысу, шығармашылық топтарда жұмыс істеу, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, оқу-әдістемелік материалдарға сараптама жасау, ғылыми мақалалар жариялау, үздіксіз өздігінен білім жетілдіру және кәсіби тұрғыдан дамуға ұмтылу.
Педагогтерді кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз! Берілген біліктілік санаты кәсіби өсудің жаңа белесі болып, алдағы жетістіктерге жетуге ынта мен шабыт берсін!
Бүгінде педагогикалық ұжым Пилоттық жоба талаптарына сәйкес аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Әріптестерімізге көтеріңкі көңіл күй, жаңа педагогикалық идеялар және аттестаттаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтуді тілейміз!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
30.09.2026
Дата обновления:
11.11.2026