«Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»

2023 жылғы 3 қазанда Қарттар күніне арналған «Алтын жасты ма�...

2023 жылғы 3 қазанда Қарттар күніне арналған «Алтын жасты мадақтаймыз» акциясы аясында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Искорки» еріктілер тобы қарттар мен мүгедектерге арналған «АЯЛА» интернат-үйіне барды. Колледж студенттері, атап айтсақ, болашақ музыка мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, әлеуметтік қызметкерлер тұрғындарды мерекемен құттықтап, музыкалық аспаптарда ойнап, ән орындап қуантты. Студенттер «Әуенді тауып айт» музыкалық байқауын ұйымдастырды. Еріктілер қарттарға құр алақанмен бармады: олар шайға арнап тәтті тағамдар пісіріп апарды. Ал 85 жастағы туған күн иесі туған күніне арналған шамдарға таң қалып қуана түсті. Студенттер қатысушылардың көңілінен шығып, оларды мейірімділігімен және шынайылығымен баурап алды. Кездесу соңында қуанышты ата-әжелер жылы тілектер мен жағымды көңіл-күй үшін алғыс білдірді. Студенттер барлықтарына бақыт пен мықты денсаулық тіледі
Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
04.10.2023
Дата обновления:
16.10.2023