Шебердің 1 күні
Шебердің 1 күні!
Болашақ ұстаз үшін тәжірибелі мұғалімнің жанынан табылып, ақылын тыңдап, қолдауын сезінудің орны бөлек. Кейде бір жылы сөздің өзі сенім беріп, мамандыққа деген ықыласты арттырады.
«С. Шаймерденов атындағы классикалық гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Абуева Райса Тұрлыбекқызы — білікті ұстаз, өз кәсібін жүрегімен сүйетін, шәкірттеріне мейірімін аямайтын жан. Ол «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК студенттеріне тәлімгер болып, білімі мен тәжірибесін бөлісіп келеді.
Райса Тұрлыбекқызының әр кеңесі — ұстаздық жолға қадам басқан жастарға қолдау. Оның кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігі болашақ педагогтерге үлгі. Мұндай тәлімгерлік студенттерге сабақ берудің қыр-сырын үйренумен бірге, балаға мейіріммен қараудың, әр шәкіртке сенім арта білудің маңызын сезінуге көмектеседі.
Құрметті Райса Тұрлыбекқызы! Болашақ әріптестеріңізге уақыт бөліп, кәсіби қалыптасуына жанашырлық танытқаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бүгінгі студенттеріміз ертең өз шәкірттеріне Сізден алған жылулық пен қолдауды жеткізсін!
#ШебердіңБірКүні #Тәлімгерлік #ҰстазғаАлғыс #БолашақҰстаз #МағжанЖұмабаевКолледжі