«Махаббат толы жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысы
2021 жылдың 9 ақпан күні М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Өзін-өзітану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Махаббатқа толы жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: студент жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, студенттерді оқуға тарту.
Сайыстың негізгі міндеттері: әдеби поэтикалық шығармаларға жағымды эмоционалды қатынасты тәрбиелеу; үздік мәнерлеп оқитын студенттерді анықтау, олардың әрі қарай дамуына мүмкіндік беру.
Сайысқа колледждің 1 курс студенттері қатысты.
Сайыстың әділқазылар мүшесі:
- Солтанова Б.Т., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Жукенова Б.Г., өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы;
- Искакова Л.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
- Бежик Л.П., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
- Мусин Б.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Поэтикалық шығарманы орындау деңгейін әділқазылар алқасы келесі критерийлерге қатысты 5 ұпайлық көрсеткіш бойынша бағалады:
- таңдалған өлеңнің сайыс тақырыбына сәйкестігі;
- шығарманың мәтінін білу;
- сөйлеудің интонациялық мәнерлігі;
- көркемдік мәнерлігі;
- орындалатын шығарманың мазмұнына сәйкес костюмді, атрибуттарды таңдау.
Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
№ |
Студенттің ТАӘ |
Топ |
Орын |
1 |
Шепи Татьяна |
УРЯ-2-20 |
І дәрежелі диплом |
2 |
Мирали Диана |
ИСР-1-20 |
І дәрежелі диплом |
3 |
Айтқожа Жанель |
УКЯ-1-20 |
ІІ дәрежелі диплом |
4 |
Кутузова Анастасия |
УРЯ-2-20 |
ІІ дәрежелі диплом |
5 |
Лесбек Нурипа |
НОБ-1-20 |
ІІІ дәрежелі диплом |
6 |
Москвин Кирилл |
УРЯ-2-20 |
ІІІ дәрежелі диплом |
7 |
Елеукен Акбота |
УКЯ-1-20 |
Қатысушы сертификаты |
8 |
Гражевская Ирина |
УРЯ-2-20 |
Қатысушы сертификаты |
9 |
Жақсылық Сара |
ИСР-1-20 |
Қатысушы сертификаты |
10 |
Тилепбергенова Эрика |
УРЯ-2-20 |
Қатысушы сертификаты |
11 |
Касенова Асем |
НОБ-1-20 |
Қатысушы сертификаты |
12 |
Дите Оксана |
УРЯ-2-20 |
Қатысушы сертификаты |
13 |
Кажибаева Жанель |
УКЯ-1-20 |
Қатысушы сертификаты |
Мухамадиева А.Д., Жукенова Б.Г.,
іс-шараны ұйымдастырушылар
Автор:
