Менің арманымдағы колледж: құндылықтар, жауапкершілік және жасампаздық кеңістігі
«Менің арманымдағы колледж: құндылықтар, жауапкершілік және жасампаздық кеңістігі»
УХТ-2-26 топ студенттерімен жүргізілетін тәрбие жұмысы аясында оқытушы Нұржанова М.Т. азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті дамытуға, адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыруға, сондай-ақ белгіленген нормалар мен ережелерді құрметтеуге бағытталған сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Топтық жұмыс барысында студенттер болашақ колледждің сәулетшілері рөлінде әрекет етіп, жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға арналған идеяларын ұсынды, проблемалық жағдаяттарды талдап, колледж ортасын жетілдіруге бағытталған бастамалар әзірледі.
Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын және «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» бастамаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар маңызды қорытындыға келді: колледждің болашағы - ортақ күш-жігердің нәтижесі, ал елеулі өзгерістер әр адамның жеке жауапкершілігінен, саналы таңдауынан және бүгінгі нақты іс-әрекетінен басталады!
#АдалАзамат #ТазаҚазақстан #ЗаңМенТәртіп #ТәрбиеЖұмысы #БолашақКолледжі