«Мағжан феномені: поэзия, педагогика, рух»

2026 жылғы 16 қазанда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Мағжан мұрасы – мәңгілік тағылым» ғылыми-шығармашылық жобасы аясында «Мағжан феномені: поэзия, педагогика, рух» атты әдеби-танымдық сырласу алаңы өтті.
Рухани кештің қадірлі қонақтары:
Ақмарал Сәркенқызы — Мағжан мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әскери ғылым академиясының профессоры, мағжантанушы;
Теңдік Сәркенқызы — Ақынның «Сүйемін» өлеңіне ән жазған композитор, педагог-зерттеуші, республикалық «Мағжан көктемі» фестивалінің II орын жүлдегері;
Дәурен Маратұлы — Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
Біржан Есжан — ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші;
Торғын Науанқызы — Педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы.
Кездесуде Астана қаласынан тікелей эфир арқылы байланысқа шыққан Теңдік Сәркенқызы «Сүйемін» әнінің дүниеге келу тарихымен бөлісіп, ақын мұрасының музыкалық әлемін таныстырды. Дәстүрлі әнші Біржан Есжан Мағжан өлеңіне жазылған әнді домбыра сүйемелдеуімен орындады, ал Дәурен Маратұлы ақын шығармашылығын сахна тілі арқылы жеткізудің ерекшеліктеріне тоқталды. Педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Торғын Науанқызымен сұхбат барысында Мағжанның ұлттық тәрбие туралы көзқарастары, олардың бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жайлы сөз қозғалды.
Іс-шара барысында ақын туралы бейнеролик көрсетіліп, «Мағжан – мәңгілік үн» композициялық қойылымы ұсынылды. Студенттер қонақтарға көкейкесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Еркін пікір алмасу мен тағылымды әңгімелерге толы кездесу жылы әрі шынайы атмосферада өтті.
Кеш барысында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Серікқызы жыл басынан бері қолға алынған «Мағжан мұрасы – мәңгілік тағылым» ғылыми-шығармашылық жобасының жоспарымен таныстырды. Бұл ауқымды жоба аясында жыл бойы түрлі бағыттағы танымдық, рухани-ағартушылық жаңа форматтағы іс-шаралар мен байқаулар өз жалғасын табатынын, студенттерді осы жобадағы шараларға белсене қатысуға шақырды.