Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер елдің тәуелсіздігін, ұлттық рухы ме...

Мемлекеттік рәміздер елдің тәуелсіздігін, ұлттық рухы мен ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттік рәміздер күні елімізде жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде мемлекеттік рәміздерді мерекелеуге орай сап түзеп, студенттер Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
1-2 курс топ кураторлары "ҚР Мемлекеттік рәміздер күні" тақырыбына арналған сынып сағаттарын өткізді.
Аталған іс – шараның негізгі мақсаты-мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Автор:
Морарь Елизавета Андреевна
редактор
Страница создана
04.06.2021
Дата обновления:
04.06.2021