«Адал еңбек – адамдықтың белгісі»
2026 жылғы 4 қарашада педагогтерді аттестаттау аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Рсаева Жанаргүл Серікбайқызы УКЯ-1-25 тобында «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараға ЦӘК төрағасы Мусин Б.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Омарова Б.С., Касенова А.К. қатысып, тәрбие сағатының өту барысымен танысты.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға адал еңбек етудің маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адамгершілік пен әділдікке тәрбиелеу, сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында студенттер адал еңбек, маңдай термен табыс табу, адамдық қасиеттер мен еңбек мәдениеті туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар адалдық, әділдік, жауапкершілік, отаншылдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттердің тұлға қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
Тәрбие сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Студенттер адал еңбек – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі, ал адалдық пен жауапкершілік – адал азаматтың басты ұстанымы деген ой түйді. Олар қандай мамандық иесі болса да, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекті бағалап, маңдай термен жетістікке жетудің маңызды екенін түсінді. Сонымен қатар әрбір азаматтың қоғам алдындағы міндеті – адал еңбек ету, әділ болу, өз еліне пайдасын тигізу екенін ұғынды. Студенттер «Адал азамат» болу ең алдымен өзіңнен, күнделікті іс-әрекетің мен адал еңбегіңнен басталатынын атап өтті.