«Саналы ұрпақ» үйірмесі

«Саналы ұрпақ» үйірмесі

«Саналы ұрпақ» үйірмесінің мақсаты - жоғары моральды...

«Саналы ұрпақ» үйірмесінің мақсаты - жоғары моральдық, жауапты, кәсіпкерлік және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Міндеттері:

1) студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру;

2) студенттердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыру;

3) жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Жұмыстың бағыттары: «Саналы Ұрпақ» ерікті студенттер клубы келесі сипаттағы секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Жұмыс түрлері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы лекциялар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық» секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар бойынша іс-шаралар мен конкурстарды ұйымдастыруға қатысады. «Мәдени-бұқаралық іс-шаралар» секциясы акцияларды, флэшмобтарды, диалог алаңдарын, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Автор:
Амангельдинова  Жулдызай  Саятовна
редактор
Страница создана
30.11.2022
Дата обновления:
09.01.2023