Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың колледжге келуі
Еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болатын мамандарды дайындау мақсатында колледж IT саласында заманауи техникамен жабдықталды. Осының арқасында студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдау сапасы артады.
Колледжде соңғы үлгідегі 3D модельдеу зертханасы, робототехника мен мультимедиялық және жаңа оқу дәрісханалары ашылды. Соның ішінде желілік технологиялар дәрісханасы. Бұнда жүйе әкімшілерін дайындау жүргізіледі. Қайда болмасын мұндай мамандар керек: мемлекеттік органдарға да, оқу орындарына да, емханаларға да, өндіріс ошақтарына да. Жүйе әкімші мамандарына нарықтағы сұраныс жоғары.
Аймақ басшысы: «Цифрландыру дәуірі жетті және ол тез алға басуда. Бүгінгі таңда бірде бір саланы компьютерсіз елестету мүмкін емес, сондықтан мамандарды даярлайтын оқу ошақтарын ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықтап, студенттерді қазірден бастап олармен жұмыс істеуді үйрету керек» деп мәлімдеді.
Автор:
