Аймақтық «Полиглот» зияткерлік сайысы
2022 жылғы 29 қыркүйекте М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тіл және әдебиет институтында жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттері арасында аймақтық «Полиглот» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – жастар арасында көптілділікті рухани құндылық ретінде насихаттау, оларды толеранттылыққа, мәдениаралық коммуникациялық құзіреттілікке тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің құрамасы жүлделі 1-орынға ие болды. Студенттеріміз бен жетекшісі Динаргуль Оразбекқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Автор:
