2021 жылдың 26 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Жастар ғылымы - 2021» апталығы аясында «Курстық жұмысты қорғау» атты дөңгелек үстелі өткізілді.
Студенттер оқу жылының басында өздерін қызықтыратын, толғандыратын тақырыптарды таңдап курстық жұмысты жазуға кіріскен болатын. Студенттерге курстық жұмысты жазуға жетекшілері бағыт-бағдар беріп, көмек көрсетті.
Курстық жұмыстың жетекшілері:
Педагогика және арнайы пәндерінің оқытушысы – Құттымбетова Торғын Науанқызы.
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы – Мусина Назгүл Алпысбайқызы.
Колледж студенттері жоғары деңгейде курстық жұмыстарын қорғап шықты.
Директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Саурбаева Салтанат Бүркітқызы «Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып, үнемі ізденісте жүріп, білім алып, аянбай еңбек етулері қажет» екенін айтты. Іс-шара соңында студенттер естелік суретке түсті.