Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты
2026 жылғы 16 қазан «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» республикалық семинар аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ және «Әдістемелік орталық» КММ бірлесіп ұйымдастырған көрме алаңына Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Рсаева Жанаргүл Серікбайқызы қатысты.
Көрме барысында Рсаева Ж.С. студенттерге қазақ тілін меңгертуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, ROQED.AI платформасының білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін таныстырды. Атап айтқанда, платформа арқылы интерактивті тапсырмалар мен викториналар құрастыру, әдеби тұлғалармен сұхбат құру, жұмыс парақтарын, ой карталарын дайындау мақсатында қолдану жолдарына тоқталды. Сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын қазақ тілін оқытуда қолданудың тиімділігі мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырудағы маңызы атап өтілді.
Көрме алаңы педагогтердің озық тәжірибесін таратуға, заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылауға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге, инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге өз үлесін қосады.