«Бос орындар жәрмеңкесі» түлектерді жұмысқа орналастырудың бірден бір үздік формасы

18.05.2022

2022 жылдың 18 мамырында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде облыстың және қаланың білім бөлімдері, халықты жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтары өкілдерімен 2021-2022 оқу жылы түлектеріне арналған дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі – 2022» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – колледж түлектерін сапалы жұмысқа орналасуына ықпал ету. Ағымдағы оқу жылы колледжді 355 түлек әртүрлі біліктіліктіліктер («Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі», «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі» және «Web дизайнер» жұмысшы біліктілігі) бойынша тәмамдайды. Іс-шара барысында тараптар конструктивті диалог құрып, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық және қалалық білім бөлімінің кадр жұмысы бойынша мамандары, Петропавл қаласының мектеп директорлары мен мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері білікті кадрлар таңдауға зор ықылас және қызығушылық танытты. Болашақ мектеп педагогтарын таңдауда Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Тимирязев, Аққайың аудандарының ауыл мектептері белсенді болды, шараға барлығы 30дан астам білім беру ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. СҚО білім беру саласындағы мемлекеттік кадр саясатын іске асыру бөлімінің бас маманы Айтхожина Жанагүл Армияқызы түлектерге педагог мамандығы бойынша еңбекпен қамытылудың жаңа талаптары мен ерекшеліктерін түсіндірді, оларға Ұлттық біліктілік тестілеуден өтудің ережелері туралы ақпарат берді, мектеп мұғалімі мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің бос орындарына конкурстық қабылдау ережелерін түсіндіре отыра, түлектерді облыстағы бос орындар тізімімен таныстырды. Шара барысында Жаңагүл Армияқызы білімалушылардың туындаған сұрақтарына тұшымды жауап берді. Дәл осындай жұмысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Сарсенбаева Гульнара Дюйсеновна жүргізді. Ол өз сөзінде жастарды мемлекеттік қызметке тұрып, қоғамға қызмет етуге шақырды, мемлекеттік қызметке тұрудың ережелерімен таныстырды. Бас маманның баяндамасына қызығушылық танытқан кейбір студенттер оған сұрақтар қойып, нәтижесінде құзыретті жауаптар алды. Білім бөлімдерінің өкілдері түлектермен мамандықтар бойынша оқу орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті. Ауданның мектептері мен балабақшалары білікті педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін бастан кешіруде, сондықтан ол ауданның тумаларын түлектерді өздері жақында тәрбиеленіп, оқыған мектептерде, балабақшаларда еңбек жолын бастауға шақырды. Олар жас мамандар үшін табысты жұмыс пен кәсіби қалыптасу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Мектеп директорлары атынан сөз алған «№ 9 ОМ» КММ-нің директоры Булатбекова Сәуле Қабиқызы колледждің бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлаудағы жетістіктеріне ризашылық білдіре отыра, өз мектебінде кәсіби тәжірибеден үздік нәтижемен өткен озат түлектерді мектебіне қабылдайтынын мәлімдеді. Одан әрі сөз алған Петропавл қаласының жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жастар практикасы жөніндегі бас маманы Магуянов Болат Амантайұлы «Ұрпақтар келісімшарты» және «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламаларымен таныстыра отыра, орталықтағы бос орындар тізімдемесімен таныстырды. Сол сияқты тұрақты еңбек орнына жұмысқа орналасу ережелері туралы айтты. «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2022» іс-шарасы жұмыс берушілер мен колледж түлектерінің ынтымақтастық диалогы табысты өтті. Студенттер білім беру бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдеріне, мектеп директорларына, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне келіп, болашақ жұмыс орыны, еңбек жағдайы, баспана жағдайы, жалақы мәселесі, жұмыс пен ЖОО білім алуды қатар алып жүру мәселелері туралы сұрақтар қойып, қажетті ақпаратты егжей-тегжейлі нақтылады, түйіндемелерін қалдырды, кеңестер мен түсіндірмелер алды, байланыс мекенжайларын, ұялы телефон нөмірлерімен алмасты. Әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу болашақта өз кәсібінің білікті маманы боламын деген түлектер үшін жемісті нәтиже көрсетті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст