IT құзыреттіліктері бойынша аймақтық Worldskills 2022 чемпионаты

07.04.2022

5-6 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Графикалық дизайн», «Web-дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша Worldskills Kazakhstan 2022 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің, СКУ колледжінің, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің, Гуманитарлық-техникалық колледжінің және Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің студенттері қатысты. Чемпионаттың мақсаты - әр мемлекетте және жалпы барлық дүниежүзі мемлекеттері арасында кәсіптік шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу арқылы әлемнің үздік тәжірибесі мен кәсіптік стандарттарын үйлестіру бағытында кәсіптік білімді дамыту және жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру болып табылады. Конкурстық тапсырмаларды әлеуметтік әріптестер, тәуелсіз сарапшылар және ұсынылған құзыреттіліктер бойынша сарапшылар бағалады. «Желілік және жүйлелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша: 1 орын Лукьянов Кирилл (ТИС-2-21); 2 орын Жеңіс Шерхан (ВТ-2-20); 3 орын Журнаш Нұрбек (ИС-1-20). «Web-дизайн» құзыреттілігі бойынша: 1 орын Пухов Иван (ВТ-2-20); 2 орын Абдрахимов Рамиль (ПКТМ им.Б.Ашимова); 3 орын Кажагапанов Жаслан (ВТ-2-20), Шакула Никита (ВСЭК) «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша: 1 орын Кравчук Елизавета (Колледж СКУ); 2 орын Новиков Данил (ВТД-3-20); 3 орын Сорокина Наталья (ГТК). «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша: 1 место Сулейменов Ардак (ВТД-3-20); 2 место Султангазин Бауыржан (ИС-1-20); 3 место Пашкевич Данил (ТИС-3-21). Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст