Worldskills Kazakhstan 2021

12.03.2021

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 11 наурыз күні «Графикалық дизайн», «Web-дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» IT құзыреттіліктері бойынша Worldskills Kazakhstan 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Чемпионатқа М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің, СКУ колледжінің, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің, Гуманитарлық-техникалық колледжінің және Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері қатысты.

Чемпионаттың мақсаты - әр мемлекетте және жалпы барлық дүниежүзі мемлекеттері арасында кәсіптік шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу арқылы әлемнің үздік тәжірибесі мен кәсіптік стандарттарын үйлестіру бағытында кәсіптік білімді дамыту және жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру болып табылады.

Конкурстық тапсырмаларды әлеуметтік әріптестер, тәуелсіз сарапшылар және ұсынылған құзыреттіліктер бойынша сарапшылар бағалады. «Желілік және жүйлелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша - 1 орын Жеңіс Әлихан (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 2-орын Чупчиков Игорь (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 3 – орын Нұркеев Айдос (СКУ колледжі).

«Web-дизайн» құзыреттілігі бойынша - 1 орын Белоконь Андрей (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 2-орын Вегель Егор (Б.Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі), 3-орын Абрахимов Рамиль (Б.Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі).

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша -1 орын Котов Павел (СКУ колледжі), 2-орын Филимонова Анна (Б.Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі), 3-орын Брянцев Вячеслав (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст