«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021»

09.11.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты өтті. Аталған білім бәйгесінде еліміздің әр түпкірінен жиналған білімді, білікті студенттер бақ сынасты. Соның ішінде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті Едрисова Риза өзінің бағын сынап қайтты.

Бұл сайыс 4 модульді қамтыды:

А1 модулі. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу.

А2 модулі. Интерактивті жабдықтарды пайдалана отырып,жаңартылған білім мазмұнына сай бастауыш сыныптарға арналған сабақ фрагментін өткізу болды.

D модулі. Вертуалды турды рухани -адамгершілік,эстетикалық,экологиялық бағыттар бойынша дайындау және өткізу.

C модулі. Мұғалімнің жеке сайтын құру.

B модулі. Оқу пәндерінің бірі бойынша нақты тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқу тапсырмаларын әзірлеу және көрсету.

Осы әр кезең бойынша қатысушы студенттер өздерінің білімін шыңдап, дарындылықтарын тағы бір дәлелдей түсті.Сонымен қатар әрбір кезең сайын бар ерік-жігерін,таным- қабілеттерін көрсетті.

Болашақ маман иелеріне әрқайсысына жүзден жүйрік,мыңнан озық болуына тілек білдіреміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст