2022 жылғы 03 маусымда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан (НО-2-19, НОБ-1-20, УКЯ-1-19, УРЯ-2-19, УИЯ-1-19, УИЯБ-2-20, УИЯД-1-19, УМ-2-19, УМО-1-19) және жазғы практикаға дайындық курсынан өтіп жүрген студенттер үшін Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері Т. Б. Сағындықов пен С. Е. Ахмеджановпен кездесу өтті. Темірхан Бақытжанұлы Сағындықов студенттерді ашық судағы төнетін қауіп, суға шомылуға арналмаған және адамдардың демалуына арнайы жабдықталмаған аумақтардағы апаттар туралы ақпарат берді. ТЖБ қызметкері ұсыныс ретінде студенттерге ауа температурасы 20-23 градус жылы, су температурасы 17-19 градус болатын таңғы 8-10-дан кешкі 17-19-ға дейін уақытта, ашық, желсіз ауа райында демалуға және шомылуға болатыны, суда тәртіп сақтау қажеттілігі, арнайы бөлінген және осы үшін жабдықталған орындарда шомылу керектігі жөнінде кеңес берді. Саян Егімбайұлы Ахмеджанов қоршаған ортаға түзетілмейтін зиян келтіретін өртпен байланысты мәселелер мен өрттің пайда болуының негізгі себептері, оның басталу белгілері туралы ақпараттандырды. Студенттермен профилактикалық әңгімелесуден кейін суға батушыға көмек көрсету тәсілдері туралы бейнеролик көрсетілді. Соңында ТЖБ қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді.