Қарт адамдар үшін өзінің қажеттілігін сезіну, басқа адамнан қамқорлық көру өте маңызды. Қарт адамдарға назар аудару және қамқорлық көрсету, олардың тұрмыстық өзекті мәселелеріy шешу үшін ағымдағы жылдың 2 ақпанында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж еріктілері көмекке келді. Жасы ұлғайған сайын қарт адамдар үшін үй шаруашылығымен айналысу қиынға түседі, ал жақын туыстары алыста болғандықтан, көмектесе алмайды. Біздің студенттер мұны біледі және назардан тыс қалдырмайды, қарт адамдарға жалғыз екендігін сездірмейді. Колледж еріктілері қол ұшын беруге дайын тұрады: шатырды қардан тазарту, көмір кіргізу және су әкелу. Ал зейнеткерлер ерікті көмекшілермен кездесулері соңғы емес екеніне сенімді.