Қазақстан халықтарының бірлігі күні – елімізде тұратын барлық ұлттардың жақсылық, бейбітшілік, еңбек және бауырластық мерекесі қарсаңында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде "Қазақстан халықтарының жәрмеңкесі"өтті.
Студенттер ұлттық киімдерде әр халықтың дәмін көрсетті. Жәрмеңкеде қазақ, орыс, грузин, әзірбайжан, өзбек, молдаван, белорусь, украин, татар, башқұрт ұлттары болды. Олар өз халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы айтып, мерекенің барлық қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынды.
Іс-шарада көңілді және қуанышты атмосферасы орнады. Халықтардың бірлігі, ұлттық бірегейлік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, жақындарына деген жақсы қарым-қатынас туралы айтылды.
Осы көктем күндері біздің Отанымызды жарықтандыратын күн сәулелері жас өскіндерге өмір сыйласа, Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың алуан түрлілігі де мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуіне өз үлесін қосады. Әлемде Қазақстан сияқты бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан ұлттардың сан алуандығымен мақтана алатын елдер көп емес.