Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Облыстық дебаттық турнир

10.12.2022

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Облыстық дебаттық турнир өтті. Қазіргі әлемде кез-келген маман көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына ие болуы керек. Бұл дағдыларды игерудің бір жолы «Дебат» интеллектуалды ойыны болып табылады. Өткен Облыстық дебат турнирі зияткерлік демалыс нысандарын насихаттау және студенттер арасында танымдық белсенділікті ынталандыру мақсатында өткізілді және ағымдағы жылдың 17 қарашасында өткізілген турнирінің соңғы кезеңі болып табылады. Турнирдің төрешілері НИМ, №1 гимназия мұғалімдері, Назарбаев интеллектуалды мектебі «Император» Дебат клубының өкілдері болды. Турнирдің ашылуы колледждің вокалдық-аспаптық ұжымдары өнер көрсеткен концерттік бағдарламадан басталды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының әдіскері Шәріпова Сәуле Дулатқызы барлық қатысушыларды облыстық турнирдің ашылуымен құттықтады. Турнирдің үздік спикері болып Солтүстік Қазақстан университетінің колледж студенті Евгений Кузнецов аталды. Облыстық дебат турнирінің нәтижелері бойынша: 3 орын – «Кәсіптік даярлық және сервис колледжі» КММ, «Полемика» командасы, 2 орын – «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» КММ, «Феникс» командасы, 1 орын – «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК, «Сейчас или никогда» командасы.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст