22.09.2022
Колледж қабырғасында студенттердің көшбасшылық қасиеттерін анықтау, жеке әлеуетін ашу, көшбасшылық туралы түсініктерін қалыптастыру бойынша тренинг өтті. Тренинг барысында студенттерге бірнеше ойындар ұсынылды, олардың негізгі міндеттері қызметті жоспарлау және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын игеру, колледж Президентінің кандидаттығына белсенді студенттерді анықтау болды. Тренинг қорытындысы бойынша 4 үміткер таңдалды: - Костенко Вячеслав; - Аймұқан Дидар; - Амангелдіев Жанбота; - Ермоленко Карина. Дауыс беру онлайн режимінде дауыс беру бағдарламасы арқылы өтеді.