«Ұлы Мұхтар Әуезов - байтақ тұлға!» атты семинар

«Ұлы Мұхтар Әуезов - байтақ тұлға!» атты семинар

Колледж қабырғасында ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бас�...

Колледж қабырғасында ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұрған, қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы, ғалым, ұстаз, драматург, сыншы, қоғам қайраткері М.О.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлы Мұхтар Әуезов - байтақ тұлға!» атты кемеңгердің өмірі мен шығармашылығына арналған шығармашылық шеберханасы өткізілді. ​Іс шара барысында жазушының өмірі, шығармашылық жолы, зерттеушілер еңбектеріне тоқталып, М.Әуезовке арналған арнаулар оқылды. ​Шығармашылық шеберханаға УКЯ-1-20-топ студенттері қатысып, белсенділік танытты. ​Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Ысқақова Лина Құдабайқызы М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясынсыз өз ұлтымызды тереңірек тану, өткені мен болашағын елестету мүмкін емес екендігін айта отырып, романды студенттерге толық оқып шығуды насихаттады. ​Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова Баглан Советқызы кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп жасалған кітап көрмесімен таныстырып, М.Әуезов жайлы баяндап берді. ​Кітапхана қызметкері – Қасымова Роза Советқызы М.Әуезов шығармаларын колледж кітапханасында оқуға қолайлы жағдай жасалғанын, және электронды түрде де шығармалардың жеткілікті екендігін, оған қалай қол жеткізуге болатындығын түсіндіріп өтті. ​Энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының Әлем таныған кемеңгері әрі ұлы қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың шығармаларын білім алушылардың жүректеріне жеткізіп, дәріптеу, өмір оқулығына айналдыру мақсатындағы шығармашылық шеберхана өз мақсатына жетті. ​Құрметті оқытушылар, студенттер қауымы және біздің парақшамыздағы қонақтарымыз М.Әуезов шығармаларын бірлесіп оқуға баршаңызды шақырамыз! Істеріңізге сәттілік!

Автор:
Амангельдинова  Жулдызай  Саятовна
редактор
Страница создана
21.09.2022
Дата обновления:
09.01.2023