Дебат турнирі

18.11.2022

Азаматтығымыздың айбыны, азат күнінің айдыны, ерікті еліміздің еңсесін көтеріп, мерейін асқақтатқан киелі де қасиетті, қастерлі де ұлық мерекесі –Тәуелсіздік күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Дебат турнирі өтті. Турнирге Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж, Жоғары құрылыс-экономикалық колледж, сондай-ақ, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі студенттері пікірсайыс алаңында өз күштерін салды. Қазақ лигасында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері жүлделі орындарға ие болды. ІІІ орын – «Kazakh born» командасы: Хомутова Диана, Амангельдыев Жанбота, ІІ орын – «Азат» командасы: Айтқожин Еламан, Уәлихан Алина, І орын – «Жеңіске деген талпыныс» командасы: Аймұқан Дидар, Орысбек Батыр, Гран-при – «Speechka» тобында: Намазбай Ляззат, Уразалиева Махмуда! Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст