Колледжіміздің түлегі, педагог, тарихшы, еңбек ардагері, «Елорда билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қажымұрат Нәсиұлымен Қазақстан Республикасы күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Құрметті Қажымұрат Нәсиұлы өзінің өмір жолымен таныстырды, Қызылжар өлкесінің тарихына тоқталды, еліміздің тәуелсіздікке қалай жеткені туралы әңгімелеп берді. Аймағымыздың шежіресі туралы баяндап, өзінің шежіресі жайлы жазып жатқан кітабымен таныстырды. Жалпы қазақ халқының ұлт болып қалыптасуындағы маңызды деректермен бөлісті. Қажымұрат атамыз колледж студенттеріне өз ұлтымызды құрметтеп, бағалап, ана тілімізде таза сөйлеуімізге аса мән берді. Колледж студенттері атамыздың айтқан әр сөзін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып отырды.