2018-2019 оқу жылында М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде оқытылуы қазақ тіліндегі бөлімге бірінші курсқа 9 топ қабылданды. Осы топ студенттерін жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша колледжде 2018 жылы 27 қараша күні студенттер қатарына қабылдау кеші өткізілді. Осы іс-шараның мақсатын жүзеге асыруда ұйымдастырушы топтар бірінші курс студенттерінің қаншалықты ұжымдасқанын көрсететін тапсырмалар дайындап, бірінші пардан бастап студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін топтармен әр түрлі қызықты ойындар жүргізді. Атап айтсақ, шеңбердің арасынан өткізу, скакалкамен секірту, іздермен жүргізу, үшінші парда 11 – сынып негізінде қабылданған студенттер өзара волейбол ойнады. Ал, төртінші парда 9- сынып негізінде оқитын топтармен қызықты эстафета жарыстары ұйымдастырылды. Үлкен үзілісте Квест ойыны ойнатылып, осылардың нәтижесінде «Бірінші курс студенті» деген эмблема тапсырып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Студенттер берілген тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындауда белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсете білді. Студент қатарына қабылдауға арналған іс-шара «Қызықты көңіл- студенттік өмір атты» тақырыптағы мерекелік концертке ұласты. Бұл салтанатты кеште колледж директоры Е.Б.Жанділдин бірінші курс студенттерін құттықтап, болашақта бәсекеге қабілетті, білімде де білікті маман болуларына тілектестігін білдірді. Қойылым ретінде сахнаға студенттік билет шығарылып, білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, әр топ ант қабылдап, топ басшыларына сынақ кітапшалары тапсырылды. Іс-шара студенттік өмірдің қызықты сәттерінен қойылымдар қойылып, бейне материалдар көрсетіліп, ән- күймен, би кешімен жалғасты.