«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» Республикалық педагогикалық оқуларға қатысу

11.02.2021

2021 жылдың 4 ақпанында педагогика, психология және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы А.Д. Мухамадиева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" Республикалық педагогикалық оқуларына қатысты. Оқулар ZOOM платформасы арқылы өткізілді, сонымен қатар Facebook-те тікелей эфир жүргізілді. Тақырыбы: "Өзін-өзі тану идеяларын жалпы кәсіптік пәндерге интеграциялау". Педагогикалық оқуларға жалпы -500 –ден астам адам қатысты.

Мақсаты - Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау.

Міндеттері:

  • ТжКБ білім алушыларының тұлғасын қалыптастырудағы өзекті мәселелерді кәсіби тәжірибеде талқылауды ұйымдастыру;
  • "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру мәселелері бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • ТжКБ білім беру кеңістігіне "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасының принциптері мен әдістерін тиімді енгізу түсінігін тереңдету;
  • білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен кәсіби қалыптасуы үшін жағдай жасау жолдары мен тәсілдерін анықтау;
  • өзін-өзі танудың рухани-адамгершілік әлеуетін және ТжКБ жүйесі педагогтерінің өзіндік дамуын ашу;
  • әріптестермен әдістемелік және шығармашылық қарым-қатынасты ынталандыру және кеңейту.

Секция тақырыптары:

  1. Болашақ маманның рухани-адамгершілік дамуының гуманистік негіздері (өзін-өзі тануды арнайы пәндер мазмұнына интеграциялау).
  2. Заманауи жағдайда "Өзін-өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіру (өзін-өзі тануды жалпы білім беру пәндерінің мазмұнына интеграциялау).
  3. Өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік дамуының негізі ретінде (өзін-өзі тануды тәрбие процесінің мазмұнына интеграциялау).

Республикалық педагогикалық оқулар ТжКБ білім беру кеңістігіне «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының принциптері мен әдістерін тиімді енгізу түсінігін тереңдетуге бағытталған.

ҚР БжҒМ-нің техникалық және кәсіби білім беру Департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова және «Бөбек» ҰҒПББСО-нің бас директоры Елена Николаевна Сәкенова алғы сөз алды.

Елена Сәкенова осындай әр кездесу – пікірлес адамдардың ашық әрі қызықтыратын әңгіме екенін атап, бүгінгі сұхбат еліміздің жас ұрпағының адамгершілік-рухани дамуындағы жаңа жетістіктерге тағы бір серпілісі болатынына сенім білдірді. «Бүгін біз балалар мен жастардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін, оқыту мен тәрбиелеудегі тұтас, үздіксіз жүйені құру туралы айтамыз. Оның іргетасы мен маңызды негізі болып «Өзін-өзі тану» Бағдарламасы табылады – деп, ол атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейнедәрісі ұсынылды.

Сонымен қатар, Алматы қ. Білім басқармасының әдіскері З. С. Бибалинова, «Өзін-өзі тану» пәнінің озат педагогі» Республикалық байқауының жеңімпазы И. Т. Тағиева, «Өзін-өзі тану» оқулықтарының авторлары Б. А. Арынова әрі Г. А. Омарова, еліміздің жалпы білім беру мектептері мен колледждердің директорлары, директор орынбасарлары және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері өз баяндамаларын ортаға салды.

Онлайн-кездесу соңында секция қатысушылары педагогикалық оқулардың спикерлері мен ұйымдастырушыларына жылы лебіздерімен және алғыс сөздерін білдірді.

Педагогика, психология және өзін-өзі тану

пәнінің оқытушысы А.Д. Мухамадиева


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст