2019 жылы 24 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері Жастар жылына арналған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылысындағы жастардың рөлі" атты пікір-сайыс турниріне белсенді қатысты.
Турнирді ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі.
Турнирдің мақсаты-облыстың мектеп және студенттік дебат қозғалысын дамыту.
Турнирдің міндеттері:
- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- өңірдегі конфессияаралық және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша мәселелерді жариялап талқылау және талдау арқылы жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру;
- тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын алға жылжыту;
- әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Пікір-сайыс турнирі Британдық парламенттік форматта өтті және 3 іріктеу кезеңі мен финалды болжады.
Турнир қарары:
1. Бұл палата іс-шараларға ерікті-мәжбүрлі түрде қатысу үшін.
2. Бұл палата әлеуметтік желілер ақпарат алудың негізгі арнасына айналалып жатқанына өкінішті
3. Бұл палата жүктілік кезеңінде анықтауға болатын генетикалық аурулармен ауыратын балаларға ата-аналарына сотқа беруге мүмкіндік береді.
4. Бұл палата жұмыскерлерге жұмыс келісім-шарттарынан денсаулық пен қауіпсіздік, еңбек ақыны көтеру орнына адал жұмыстан босатудан қорғау сияқты жұмысқа орналастырудың базалық шарттарын алып тастауға рұқсат береді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен марапатталды, Петропавл гуманитарлық колледжінің командасы қатысу сертификатымен марапатталды. Нұр Отан - Жас Отан партиясы Жастар қанатының өкілі, УКЯ-1-15 тобының студенті Қазжанов Ризабек Айдарбекұлына пікір-сайыс турнирін өткізуге көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдірді.
А.Мухамадиева,
колледж оқытушысы