«Қазақстан Республикасының колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы қорытылынды. Еліміздің 17 өңірінен 338 студент бақ сынасып, үздік 100-і ғана жеңіске жетті. Олардың 7-еуі солтүстікқазақстандық студенттер. БҒМ мен «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілетін жобаның мақсаты, әр өңірдің үздік студенттерін анықтау.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері арасынан осы жобаның аймақтық кезеңінен іріктеуден өткен 5 студент республикалық кезеңге жолдама алды. Олар: Ахметжан Тәуекел Ахметжанқызы – НО-3-18 тобы, Сексенбай Ұлдай Әскербекқызы – ДВ-3-18 тобы, Романқызы Аида – УКЯ-2-19, Романюк Тимофей Викторович – ИС-2-18, Чупчиков Игорь Александрович – ИС-2-18 тобының студенттері.
Студенттер жобаға өздері туралы баяндайтын эссе, маман ретінде таныстыратын, белсенді қоғамдық қызметін бейнелейтін бейне жазбаларын ұсынды.
Жобаның ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының 11 мен 20 аралығында онлайн-дауыс беру арқылы үздік студенттер таңдалды. Топ жарып «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» атанған студенттеріміз Романқызы Аида мен Романюк Тимофей. Осы студенттерге қолдау білдірген барша колледж оқытушылары мен студенттерін Жобаның сәтті аяқталуымен құттықтаймыз.
Аталмыш жобаға қатысу үшін студенттер 3 іріктеу кезеңінен өткен. Бірінші колледж ішілік болса, кейіннен аймақтық деңгейде де сыналған. Ал республикалық турға жеткендер онлай дауыс беру арқылы анықталды. Сондай-ақ, шара барысында үздік студенттерге жергілікті кәсіпкерлер жұмысқа шақыру туралы сертификат табыстады.