«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті»

15.12.2021

«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті»

2021 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті» марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова конкурс жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жоба талантты жастарды қолдауға, білімі, дағдысы және дарындылығы арқасында табысқа жеткен ТжКБ-ның үздік студенттерін және жұмысшы біліктіліктерді танымал етуге бағытталған.

ТжКББ ұйымдарында жобаның аймақтық кезеңі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде өтті. 1-30 қазан аралығында ережеге сәйкес 25 студенттен өңірлік кезеңнің 10 үздік жұмысы онлайн дауыс беру үшін сайтқа орналастырылды.

Студенттер жобада өзі туралы эссе, қатысушыны болашақ маман ретінде таныстыратын және оның белсенді қоғамдық қызметін көрсететін бейнеролик ұсынды.

1-15 қараша аралығында онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 2 студенті Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті қатарына енді.

Біздің жеңімпаздарымыз Айтен Әлия мен Жумин Ермекті, сондай-ақ осы студенттерге қолдау көрсеткен барлық оқытушылар мен студенттерді жобаның табысты аяқталуымен құттықтаймыз. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст