Мен, Тастанова Алмагүл, 2000 жылы, тамыздың 17-ші жұлдызында дүниеге келдім. Мағжандай ақыны, Сәбит пен Ғабиттей жазушысы, Қожаберген жыраудай батыры бар елдің шетінде орналасқан аққайыңдар өлкесі Қызылжар елінің тумасымын. Кішкентай кезімнен алғыр болып, алғашқы жеңісімді 3 жасымда иелендім.
Алғашқы білім алған алтын ордам – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі. Мектептің белсенді, озат, әрі үлгілі оқушысы бола білдім деген сенімдемін. Мектептегі әр іс - шараға белсене қатысып, ұйымдастырушылық қасиеттірімді дамыттым.
2016 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне қадам басып, қазір «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім» мамандығында оқып жүрмін. Бұл колледж өмірдің жаңа парақтарын ашқызып, өзіме деген сенімді арттырды.
Алты алаштың басы қосылса төрдегі орын ұстаздікі және әрдайым солай болғай. Мен өзімнің ұстаздырымды пір тұтамын. Маған жасаған жақсылығы, берген теңдесіз білімі мәңгілік жадымда қалмақ.
Мен көптеген республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Қазіргі таңда Облыстық Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебінің, Ғабит Мүсірепов атындағы кітапхананың, Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада қаламгерлер клубының белді мүшесімін, колледждегі Дартс пен Мағжан жастары атты үйірмелерінің старостысы және Оқушылар сарайындағы журналистика үйірмесіне қатысып, өз белсенділігімді танытамын.
Елбасымыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» сол себепті қазіргі негізгі мақсаттарымның бірі білікті маман атану.Одан кейін өмірімдегі асқақ армандарымды жүзеге асыру.