"Ғылым әлеміндегі студент" техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасындағы Республикалық инновациялық жобалар сайысының нәтижелері

23.05.2022

"Ғылым әлеміндегі студент" техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасындағы Республикалық инновациялық жобалар сайысының нәтижелері

2022 жылдың 19 сәуірінде М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында Республикалық "Ғылым әлеміндегі студент" атты инновациялық жобалар сайысы өтті. Инновациялық жобалар байқауына Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты, біз олармен 2020 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз.
Байқаудың мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, педагогикалық білім берудің өзекті мәселелеріне студенттердің қызығушылығын ынталандыру болып табылады. Инновациялық жобалар "Педагогика және психология" және "оқыту әдістемесі"бағыттары бойынша ұсынылды.
Байқауға қатысушылардың жобаларын қазылар алқасы бағалады:
- Иманқұлова Алия Сыздықбайқызы-Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Жакина Асем Марлановна-Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Конарова Бекзат Бактигалиевна-Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика және психология оқытушысы.
Қазылар алқасы жоба идеясының жаңалығы мен өзектілігін, ақпараттық мазмұнын, практикалық маңыздылығын, ақпаратты ұсынудың көрнекілігін ескерді.
Конкурс қорытындысы:
І орын-Фомичева Ольга Алексеевна, "Бастауыш білім беру" мамандығының студенті
І орын-Попцова Яна Артемовна, "Негізгі орта білім беру"мамандығының студенті
І орын-Бексултанова Альфира Максутовна, "Негізгі орта білім беру"мамандығының студенті
ІІ орын-Бербец Светлана Александровна, "Бастауыш білім беру"мамандығының студенті
ІІ орын-Ізімғалиева Алтынай Аманжолқызы, "Негізгі орта білім беру"мамандығының студенті
ІІ орын – Қаби Даяна Ардаққызы, "Негізгі орта білім беру"мамандығының студенті;
ІІІ орын-Леднева Татьяна Юрьевна, "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының студенті
ІІІ орын-Шрейдер Диана Андреевна, "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының студенті
ІІІ орын-Рахимова Инабат Руслановна, "Бастауыш білім беру"мамандығының студенті;
ІІІ орын-Вединяпина Анастасия Евгеньевна, "Бастауыш білім беру" мамандығының студенті


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст