«Ұстазын ұлықтаған ел»

10.12.2021

08.12.2021 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждінде «Ұстазын ұлықтаған ел» атты Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына арналған кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: Ел тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы, ақын, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейін атап өту, ұлықтау айшықтау және ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Кешімізге арнайы шақырылған қонақтары саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған, заманға сай, талапты, білімді, кемеңгер, ұшқыр ойлы, білімімен қатар тәрбиелі, ұлағатты шәкірт дайындап үлкен өмірге жолдама берген ғалымдар және ардагер ұстаздармен кездесіп, әңгіме-сұхбат жүргізілді.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері – Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы, колледжіміздің 60 жылдардағы түлегі, ардагер ұстаз, қоғам белсендісі – Ахметова Әдия Ысқаққызы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, колледждің қазақ тілінде маман даярлайтын бөлімнің негізін қалаған ардагер ұстаз – Қайырбекова Зәуреш Қайырбеккызы және Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-нің филология ғылымдарының кандидаты, профессор – Таласпаева Жанар Серкешқызы.
Кездесуде келген Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы колледж студенттері мен оқытушыларға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық өміріне, алаш зиялылырының тәуелсіздік идеясы жөнінде ой бөлісті.
Қаламыздағы Қожаберген жырау атындағы № 6 қазақ орта мектебінің алғашқы директоры, кешіміздің қонағы Ахметова Әдия Ысқаққызы кешке жиналған қауымға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш етіп, білімалушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етті.
М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде бірнеше жас буында тәрбиелеген ардагер ұстаз – Зәуреш Қайырбеккызы Ы.Алтынсарин шығармаларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқтала отырып, жастармен тәрбиелік мәні терең, тағлымы мол әңгімесімен бөлісті.

Таласпаева Жанар Серкешқызы лингвист, зерттеуші ғалым ретінде студенттерге Ы.Алтынсарин шығармаларының тарихи маңызын атап өтіп, қазақ әдебиетінде алатын орнына тоқталды.
Кездесу соңында колледж студенттері келген қонақтарымызға сұрақтар қойып, кештен алған әсерлерімен бөлісті.
Кездесу соңында колледж директоры Жанділдин Ерлік Барысұлы жиналған қауымға ыстық лебізін білдіріп, мазмұны терең, патриоттық сезімді оятатын, тәрбиеге толы ойларымен бөліскен қонақтарға рахметін айтып, колледж атынан ризашылығын білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст