Өкінішке орай, бүгінгі таңда елімізде еңбек күшін заңсыз пайдалану мәселесі бар. БҰҰ адам саудасы туралы баяндамасында Қазақстан 155 елдің қатарында, ол адамдарды мәжбүрлеп еңбекке пайдалану, адамды еркінен тыс және заңсыз ұстау, алдау және айла-шарғы жасау өркендеп келе жатқандар тізімінде көрсетілген. Қазіргі таңда зардап шеккендерге психологтың қажетті көмегі көрсетіледі. 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Америка бұрышы осы тақырыптың жоғары білікті мамандарымен онлайн кездесу өткізді. Семинар спикерлері: Косюк Александр, Агелеуов Әміржан, Бехзод Тулаев, Гульнур Идигеева. Онлайн кездесуге Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшілері мен белсенділері қатысты. Белсенді жастар Chatbox-та өз сұрақтарын қойып, кездесу соңында Нұр-сұлтан қаласының Америкалық бұрышы ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.