26 қазанда «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ базасында онлайн-режимде «Саналы ұрпақ» еріктілер студенттік клубының слеті өтті.
Слеттің спикерлері:
- «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев К.А.;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Жахин Н.С.;
- «Парасаттылық жолы» академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Апергенова Р.С.,
- «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зель А.В., Алматы қ. «ISO енгізу агенттігінің» директоры Бандуро А.В.
Сондай-ақ слет жұмысына Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі қатысты. Әр колледжден "Саналы ұрпақ" студенттік клубының жетекшілері сөз сөйлеп, клуб жұмысының жоспарын ұсынды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар, яғни колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру тәжірибесімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі бағыттарымен танысты.
Аталған іс-шара тиісті деңгейде өтті, слетке қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен жемісті болғанын атап өтіп, риза болды.