1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

01.09.2020

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

«Жас маман» бағдарламасы аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж IT саласында Республикалық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталды.

Студенттерді ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметке тарту үшін колледжде "Желілік және жүйелік әкімшілендіру", "Веб-дизайн", "Графикалық дизайн" құзыреттері бойынша IT-технологиялар саласында жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында құзыреттер орталығы жұмыс істейді.

Колледж сонымен қатар Worldskills Kazakhstan өңірлік және ұлттық командалары үшін жаттығу базасы, сондай-ақ IT-технологиялар саласындағы кәсіптер мен кәсіби қоғамдастықтарды дамыту орталығы болып табылады.

Студенттік IT-орталықтың жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізеді: робототехника, виртуалды зертханаларды әзірлеу, 3D-модельдеу, веб-дизайн, графикалық дизайн, жүйелік әкімшілеу, мультипликация, оқу бейнефильмдері мен электрондық оқулықтарды жасау.

2020-2021 оқу жылы М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде білім беру "Sova.ws" қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы басталды.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жатақханасында жөндеу жұмыстары жүргізілген: шатырды ауыстырумен күрделі жөндеу жұмыстары, 138 бөлменің төбесі мен қабырлағалары тегістелген, еденге линолеум төселген, ескі 31 ағаш терезелері жаңа ПВХ терезелеріне ауыстырылған.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст