11-15 қараша аралығында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Бала құқығы – адам құқығы" республикалық онкүндігін іске асыру аясында " Зорлық-зомбылыққа жоқ деп айт!», атты ақпараттық-ағарту акциясы басталады. "Зорлық-зомбылыққа жоқ деп айт!"- акциясының мақсаты балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ оларды қорғау қажеттілігі туралы студенттер мен ата-аналардың хабардар болуын арттыру болып табылады; ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту. Акцияның мазмұны, міндеті - "Бала құқықтары туралы Конвенцияның", балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау туралы негізгі баптарымен таныстыру.