«Балабақшаның дене шынықтыру жетекшісі»

«Балабақшаның дене шынықтыру жетекшісі»

2023 жылдың 7 сәуірінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқы�...

2023 жылдың 7 сәуірінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘК онкүндігі аясында Зайдинова Татьяна Алексеевна ДВБ-2-21 тобында «Балабақшаның дене шынықтыру жетекшісі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Студенттер «Мектепке дейінгі ұйымның кіші, орта, ересек тобындағы дене шынықтыру сабағында ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізу әдістемесі» атты жаңа тақырыппен танысты. Сабақ барысында әртүрлі инновациялық оқыту технологиялары қолданылды: миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс және т.б. Студенттер жаңа тақырыпты талқылауға белсене қатысып, шығармашылық тапсырмаларды да қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, студенттер сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
11.04.2023
Дата обновления:
12.04.2023