2021 жылдың 2-9 ақпан аралығында колледж топтарының кураторлары кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен Zoom платформасын пайдалану арқылы әр бір топта қашықтықтан ата-аналар жиналысын өткізді. Кураторлар ата - аналар қоғамдастығының кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы рөлін, сондай-ақ өзінің баласының дің сабақтан бос уақытындағы жауапкершілігін еске салды. Өзінің баласының бос уақытына бақылау жүргізу үшін - ол қайда, кіммен дос, немен айналысады, оқу кезінде жұмыс істемейтіні, 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз бекітілген мекенжайдан тыс шықпауы, спирттік және темекі өнімдерін пайдаланбауы, үй тапсырмаларының орындалуын тексеру ата-ана жауапкершілігінде. Қашықтықтан оқыту кезінде ата-ана тарапынан бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінуін өтінді.